Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Зекет» қоры он отбасыға азық-түлік үлестірді
21 ақпан, 2023 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды  облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты маманы Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен  Бұқар Жырау ауданында мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен он отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Қасиетті Шағбан айының құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында аймақтық «Жыржыс қажы» мешітінде Зекет қоры насихатталып, он отбасыға көмек көрсетілді.

Жомарт және демеуші жандардың қолдауымен жүзеге асқан шара барысында Мирас Ерланұлы игі іске ат салысқан еріктілер тобы мен демеушілерге өзінің алғысын білдірді. Сондай-ақ, рухани һәм материалдық көмек әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

www.ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары