ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен "Ислам және ізгі қоғам" тақырыбы аясында «Достық ойыны» атты мешіт жамағаты арасында футбол ойыны ұйымдастырылды.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау сондай-ақ, жамағаттың ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен шара барысында мешіт жамағаты екі топқа бөлініп бақ сынасты. Айта кетейік, қала имамы Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен өткен шара әр апта тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
www.ihsan.kz
Пікірлер