Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы түзеу мекемесінде уағыз-насихат жүргізді
26 ақпан, 2023 жыл 245 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарабас кентінде орналасқан №35 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізіп, сұхбат құрды.  

Шараға діни оңалту бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Мұхит Джаримбетов және аталмыш мекеме қызметкерлері қатысты.     

Еске салар болсақ, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің 2023 жылға арналған баяндамасының негізінде бес бағыттың бірі діни оңалту бөліміне ерекше басымдық берген болатын.     

Жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында өткен жиын барысында облыс бас имамы жазасын өтеушілерге рухани тұтастықтың маңыздылығы жайлы насихат айтты. 

«Ең бастысы рухани бірлікті сақтауымыз керек. Дәстүрлі ислам рухани кемелдікке, ұлттық құндылықтарды нығайтуға, өзара бауырмалдықты құрметтеуді насихаттайды. Мұсылман қауым дәстүрлі ислам құндылықтары жолында тұтастықта болса бірлігі мызғымас берік болады. Мұсылман бірлігі - дәстүрлі дініміздің алынбас қамалы іспетті», деп ерекше атап өтті.     

Жиын соңында уағыз тыңдаушылар өз сұрақтарын қойып жауап алса, мекеме қызметкерлері пайдалы жиын үшін өз алғыстарын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары