Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан қасиетті жұма күні аймаққа қарасты Қоңарат ауданының жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.
Наиб имам жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, артынша жергілікті тұрғындарға «Пәтуа сағатын» өткізді. Әсерлі уағыз бен келелі кеңес айтқан имамға аймақтық мешіттің имамы алғыс білдірді. Келелі кездесуден соң ел бірлігі мен ынтымағы үшін бата жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер