Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы облыс бас имамының тапсырмасымен ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, Қарқаралы ауданына қарасты Нүркен ауылына ат басын бұрды.
Қызметтік іс-сапарға аудан имамы «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов арнайы қатысты. Аймақ имамы Қайыржан Тезекбайұлы облыс наиб имамына аймақтың діни ахуалынан хабар берді. Сонымен қатар, 200 адамға арнап бой көтеріп жатқан асхананың құрылыс жұмыстарымен таныстырды.
Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, аттан түспей, ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына облыстан арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген Хумар Қоныскерей мырза алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік тілеп қайтты.
Жаратқан Ие дінміз бен діліміздің тұғырын қашан да биік еткей! Әумин!
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер