Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Хазрет Али» мешітінде дін мен дәстүр дәріптелді
01 наурыз, 2023 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

   Дәстүрлі қоғам қалыптастырудың мақсаты өзара қарым-қатынас жасаудың, тұрмыс кешудің, мәдени өнегенің пішімдерін кайталап отыруға негізделеді. Мұндай қоғамда дәстүрді және өмірлік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жалғаудың маңызы өте зор. Осы орайда қалалық «Хазрет Али» мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлы мешіт шәкірттері мен жамағаттарына салт дәстүрге байланысты басқосу өткізді.

Танымдық басқосуда ұлттық құндылықтардың рухани тұрғысынан сабақтасқан салттарымыз дәріптелді. Дін мен дәстүр бағытының облыстағы жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы насихат барысында жарамазан мен наурыз мерекесінің тәрбиеге қатысты тұстарын кеңінен түсіндіріп өтті. Иә, салт-дәстүр ұлт үшін өмір сүру қағидасы, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық – өнеге тәжірибесін құраған. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор.  Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Сонымен қатар, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Осы құндылықтар аталмыш басқосуда кеңінен насихатталды. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары