Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бүркітті ауылында діни ахуал тұрақты
02 наурыз, 2023 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы облыс бас имамының тапсырмасымен қызметтік бақылау-басқару жұмыстары бойынша Қарқаралы ауданына қарасты Бүркітта ауылдық «Мүсәйіпұлы Үмбетбай қажы» мешітіне ат басын бұрды. 

Қызметтік іс-сапарға Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов арнайы қатысты.  Облыс наиб имамына ауылдық мешітте он жыл имамдық қызметін атқарып жүрген Макеев МұқашТұрсынқұлұлы аймақтың діни ахуалынан хабар берді. Сонымен қатар, 200 адамға арнап бой көтеріп жатқан асхананың құрылыс жұмыстарымен таныстырды. 

Кездесу соңында облыстан арнайы іс сапармен келіп, аймаөтың діни ахуалына бағасын берген  Хумар Қоныскерей мырза алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік  тілеп қайтты.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары