Астана қаласына арнайы іс сапармен келген «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Касимов Мирас Ерланұлы қор директоры Мақсатбек Қайырғалиевпен кездесті.
Келелі кездесу барысында екі тарап алда атқарылатын игі істер мен қасиетті рамазан айында атқарылатын шаралар жайында бірнеше жобалар мен жоспарларды талқылады. Сонымен қатар, Мирас Ерланұлы қор басшысына Қарағанды облысы өкілдігінде атқарылып жатқан қайырымдылық шараларының есебін беріп, аймақ ахуалынан хабар берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер