Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абайда мешіт жамағаттары арасында футболдан турнир өтті
06 наурыз, 2023 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде «Жастар ісі»секторының ұйымдастыруымен «Салауатты жамағат» атты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті. 

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында өткен турнирге сектордың жауапты меңгерушісі әрі Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Спорттық додаға Абай ауданына қарасты ауыл жамағаттарынан құралған 4 команда қатысты. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – мешіт жамағаттары арасында тығыз байланыс орнату, жат ағымдардан сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ,  мұсылманшылыққа тән сабырлылық пен көркем мінезді ойын кезінде де сақтауды үйрету.

Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды. 

Бірінші орынды «Ал адият» және «Қарабас» командасы ұтып алса, екінші  орынды Қарабас мешітінің командасы жеңіп алды. Абай мешітінің командасы үшінші орынды иеленсе, төртінші орынды Саран мешітінің командасы қанжығасына байлады. 

Осылайша Абай ауданының имамдары мен жамағаттары салауатты өмір салтын ұстана отырып, жамағат арасындағы бірлік пен татулықтың озық үлгісін көрсете білді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары