Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» атты мешіт жамағатына арналған рухани кеш болып өтті.
Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеш барысында мешіт жамағатына дастархан жайылды. Мешіт наиб имамы Мирзоев Олимбек жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, рухани отырысқа қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
Пікірлер