Абай аудандық орталық мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» еңбегі бойынша жамағатқа дәріс өткізілді.
Рухани шара мешіт наиб имамы Саян Дүйсенбекұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жиында тарихи шығармалардың қазақ жастарына берер тәрбие танымдық тұстары сараланды.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның бастамасымен ай сайын «Бір айда бір кітап» жобасын ұйымдастыру алға қойылған болатын. Осы мақсатта жүзеге асқан рухани шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер