Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқашта футболдан турнир болып өтті
10 наурыз, 2023 жыл 43 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды  облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінің ұйымдастыруымен  «Достық кубогы» атты  футболдан  турнир болып өтті.

Сайыс Балқаш  қалалық  мешітінің  имамы Қалдарбеков Нұрболат  Сейлханұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.  

Шараның негізгі мақсаты-  жамағаттың бірлігін арттырып, қоғамда жастар арасында белең алып отырған  жат ағымның алдын алу.

Сайыс  өте тартысты өтіп, нәтижесінде мешіт жамағатынан құрылған «Әділ» командасы бірінші орынды  қанжығасына байлады. Жарыс  соңында   мешіт имамы  Қалдарбеков Нұрболат  барша қатысушыларға алғысын білдіріп,  ақшалай  сыйлықтармен  марапаттады. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары