Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы 102 жастағы қарт анамен жүздесті
10 наурыз, 2023 жыл 233 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бір ғасырға жуық ғұмыр кешкен қазыналы қарт Сабиля Орынбаеваның шаңырағына арнайы барып, кейуанаға сый-құрмет көрсетті.  

Абай ауданына қарасты Құлайғыр елдімекенінің тұрғыны Сәбиля әже бүгінде жүз екі жасты алқымдаған батыр ана.  Он құрсақ көтерген кейуананың тұңғышы жетпіс алты жаста. 

Бүгінде бір әулеттің емес бүтіндей бір аймақтың құрметті  адамы болып отырған әженің батасын сұрай келетін жандардың саны аз емес.    

Дәл осындай мақсатта бір ғасырға жуық ғұмыр тарихы бар қарияға құрмет көрсету мақсатында облыстан арнайы келген  бас имам Естай Айтуғанұлы  Сәбиля анамызбен сұхбат құрып, келелі әңгіме өрбітті.     

Сұхбат барысында кейуана өзінің ғұмыр тарихынан сыр шертіп, өткен өмір парақтарындағы құнды естеліктерімен бөлісті.     

Ақыл-кеңестің, үлгі өнегенің сарқылмас кенішіндей болған ақжаулықты анаға сый-құрмет көрсеткен облыс бас имамы күш-қуаты сарқылмай ұзақ жасап, ұрпақтар сабақтастығын үйлесімді жалғай беруін тіледі. 

 «Жаратушы Иеміз Сізге күш-қуат, мықты денсаулық пен бар жақсылығын нәсіп етсін!» деді бас имам өз сөзінде.


Кездесуден кейін Естай Айтуғанұлы құрметпен сый-кәдесін тарту етіп, иығына ақ жаулық пен  қазақы камзол жапты.  

Өз кезегінде батагөй қария ақ батасын беріп, жас ұрпақты еңбек етуге, табанды болуға шақырып, ел дамуына бағытталған әр игі іске тілекші екенін жеткізді.  Сондай-ақ, елдің бірлігін тілеп, дін үшін аянбай қызмет етіп жүрген  азаматтарға алғысын білдірді.    

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары