Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жаныңда жүр жақсы адам» атты рухани шара ұйымдастырылды
13 наурыз, 2023 жыл 56 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы бойынша «Әйел қыздар» секторы, қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты берекелі шара ұйымдастыру қолға алынған болатын. Игі іс шәкірттердің алды болған  қажы апаларға  құрмет көрсетумен бастау алды.

Игі шара барысында мешіт тарапынан ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шараларына демеушлілік көмек көрсетіп, асыл дініміздің өркендеуіне,  берекелі шаралардың жүзеге асуына мұрындық болып жүрген Жабағина Бикамал Рахымқызы құрметті қонақ ретінде шақырылып, келелі кездесуде сүбелі сұхбат өрбітті. 

Рухани кеште көпке үлгі бола білген өнегелі әже өз өмірінің ізгілікке толы сәттерімен бөлісіп, тәрбие танымдық кештің сәнін кіргізді.

Берекелі басқосуға мешіттің қажы апалары мен шәкірттері, Бикамал Рахымқызының жақын жандары қатысты.

Рухани отырыста  ана жайлы ән шырқалып, мешіт ұстазы анаға құрмет көрсету тақырыбы аясында әсерлі уағыз-насихат айтты.

Айта кетейік, шараның басты мақсаты ізгілікті істерімен көпшілікке үлгі болған аналарды дәріптеп, құрмет көрсету. Тәрбие танымдық шара арқылы жастарға өнегенің үлгісін көрсету. Игі бастама алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары