Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Дін мен дәстүр» аясында «Жігіт сұлтаны» атты сайыс өтті
16 наурыз, 2023 жыл 64 Басып шығару нұсқасы

   «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Әл-Фараби атындағы № 102-ші мектеп гимназиясында «Жігіт сұлтаны» атты сайыс өтті. Шараға бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысты.

Ұлыстың ұлы күні, әз – Наурыз мейрамының қарсаңына орай жүзеге асқан шара барысында  ұлттық дүниетаным турасында насихат айтылып, ата-дәстүр салтымыздан сырт шертілді. 

Шара барысында Бақдәулет Қыдырбайұлы ұстаздар мен ата-аналарды және шәкірттер қауымын ұлттық мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, білім мен тәрбие,  рухани жаңғырудың ұрпаққа берер пайдасы жайында насихат айтты. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары