Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Осакаров ауданына жаңа имам тағайындалды
17 наурыз, 2023 жыл 362 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Яхияев Мұхаммадқашқари Жоламанұлы Осакаров ауданы «Тоқа Байғозы» мешітінің имамы болып тағайындалды. 

Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.  

Сондай-ақ, аталмыш мешітте бұған дейін имамдық қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Яхияев  Жоламан Әбілханұлының жасаған  жұмыстары үшін облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының атынан арнайы алғыс хат табыстап,  иығына қазақы қошеметпен шапан жапты.  

Яхияев Мұхаммадқашқари Жоламанұлы   

2000 жылы 7 – мамырда  Қарағанды облысы, қазіргі Әлихан Бөкейхан ауданында дүниеге келген.  

Білімі:  

- 2018-2021 жж.  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін «Исламтану» мамандығы бойынша бітірген.   

Жұмыс тәжірибесі:   

- 2021 жылдан бастап  Қарағанды облысына қарасты Осакаров ауданы «Тоқа Байғозы» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келеді;  
Үйленген, баласы бар.  

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары