Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әлеуметтік көмек көрсету орталығында «Дін мен дәстүр»  бағыты насихатталды
17 наурыз, 2023 жыл 32 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қаласы «Қазыбек би» атындағы әлеуметтік көмек көрсету орталығында «Дін мен дәстүр»  бағыты аясында рухани кеш болып өтті.

Наурыз мерекесінің құрметіне орай «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында аталмыш мекеме қызметкерлерін наурыз мерекесімен құттықтап, дін мен дәстүрдің негізгі насихаттары айтылды. Мұсылманның көркем сипаттарының бірі - көмек қолын созудың сауаптары насихатталды.

Шара соңында ізгі қоғам құрудың тетіктері жазылған кітапшалар таратылып, мекеме ұжымына кәдесый тарту етті. Бата жасалып дүниеден өткендерге дұға бағышталды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары