Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртауда рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды
18 наурыз, 2023 жыл 167 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Теміртау қалалық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде алда келе жатқан рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.

Аймақ имамы Бейбіт Бақытжанұлының ұйымдастыруымен өткен жиынға орталық және қалалық мешіттің дін қызметкерлері қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Рамазан айы қарсаңында өткен дәстүрлі Төралқа мәжілісінде қаралған мәселелер мен соңғы шыққан пәтуалар ортаға салынды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен өткен жиын барысында қала, аудан имамдарына жүктелген тапсырмалары талқыланды.  

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары