Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің дін қызметкерлері және Осакаров ауданының имамы Осакаров аудандық ІІБ қызметкерлерімен жат ағымның алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы іс-шараны қасиетті Құран оқумен бастады. Одан кейін, ІІБ қызметкерлеріне діни сауатсыздық, жат ағымның алдын-алу, отбасы мәселелері сынды өзекті тақырыптар жайында әңгіме қозғады. Одан кейін, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Юсуфбек Шұғайұлы ҚМДБ Ғұламалар кеңесінен бекітілген жаңа пәтуалар мен нұсқауларды таныстырып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер