Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Рамазанға бастау» атты рухани басқосу өтті
20 наурыз, 2023 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен ҚМДБ-ның өңірге қарасты «Жастар ісі»секторының рамазан айына арналған кезекті жиыны болып өтті.

Жиынға бөлімнің жауапты меңгерушісі Махмұд Бекболатұлы мен «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Юсуфбек Шұғайұлы қатысты. 

Басқосу барысында діни басқарма тарапынан «Жастар ісі»секторна алда келе жатқан қасиетті рамазан айына байланысты жүктеген тапсырмасы талқыланып, бірқатар жоспарлар жүйеленді.

Атап айтқанда, жастар арасында спорттық сайыстар, қайырымдылық шаралары және қоғаммен байланыс мақсатында іс-шараларды жүзеге асыру алға қойылды.

Аталмыш жиынға медицина мамандары арнайы қатысып, шараға жиналған жастарға «Оразаның денсаулыққа пайдасы» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Одан кейін, «Пәтуа сағаты» өтіп, жастардың көкейкесті сұрақтарына тұшымды жауап берілді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары