Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешітінде рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды
20 наурыз, 2023 жыл 65 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен алда келе жатқан қасиетті рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында  «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының   ұйымдастыруымен арнайы жиын болып өтті.

Мешітке қарасты дін қызметкерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен рамазан айы қарсаңында өткен дәстүрлі Төралқа мәжілісінде қаралған мәселелер мен соңғы шыққан пәтуалар ортаға салынды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамының тарапынан жүктелген  тапсырмалары талқыланды.  

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары