Кеше «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен құлшылық үйіне тазалық жұмыстары жүргізіліп, мешіт іші әрленді.
Рамазан айына дайындық жүргізу мақсатында өткен шараға мешіт шәкірттері ат салысып, "Тазалық иманның жартысы" атты ұранмен мешіттің дәлізінен бастап, дәріс өтетін сыныптары мен дәретханасы тазалық жасады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер