Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі мекемесінде арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Шарада облыс наиб имамы алдымен жиын қатысушыларын наурыз мерекесімен және рамазан айымен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Келелі кездесуде мекеме қызметкерлеріне жат ағымның алдын алу және онымен күрес жолдары насихатталды. Жиынға облысқа қарасты қала, аудан имамдары онлаин форматта қатысты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер