Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы бастаған мешіттің дін қызметкерлері мен жамағаты ҚарМУ-ның жатақханасындағы мың студентке «Ауызашар себетін» үлестірді.
«Мың теңгеге ауызашар» атты арнайы жариялым арқылы жомарт жандардың қолдау көрсетуімен жүзеге асқан шараға мешіт шәкірттері ат салысып, студенттерге ыстық ас таратты. Игі шара бір ай бойы жалғаспақ.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер