Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешіті ішімдікке қарсы үндеу жүргізді
28 наурыз, 2023 жыл 337 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті қасиетті рамазан айында бірнеше дүкендерді ішімдік сатудан бас тартуға шақырып, «Арақ күнәлардың анасы» атты үндеу жүргізді.

Игі шара «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен және мешіт дін қызметкерлерінің ат салысуымен жүзеге асты. Шара барысында жергілікті «Мирас», «Кәусар» дүкендеріне үндеу жүргізіліп, ішімдік сатудан бас тартуға шақырылды. Нәтижесінде, сауда орындары тек рамазан айында ғана емес, жалпы ішімдік атаулысын сатуды тоқтатуға ниет етті. Ал, «Raimart» шағын маркеттері қасиетті айда азық-түлікті жеңілдікпен сатуға уағдаласты.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары