Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының әкімі Оспанов Сәбит Темешұлы аймақ жамағатына ауызашар дастарханын жайды.
Рухани кешке аудандық мешіттің имамы Асхат Қанайұлы бастаған дін қызметкерлері мен жамағаты және зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында аудан имамы Асхат Қанайұлы аймақ әкіміне ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының құттықтауын табыстады.
Жиында аудан әкімі жергілікті халықты рамазан айымен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.
Кеште уағыз-насихат айтылып, қариялар ақ батасын берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер