Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Студенттермен кездесу өтті
31 наурыз, 2023 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамдары Рахметов Қанат және Ермахан Оралбай Қарағанды политехникалық универиситетінде  студенттермен кездесу өткізді.

Шара барысында студенттерді қасиетті рамазан айымен құттықтап, берекелі айдың қадір-қасиеті жайлы насихат айтты. Одан кейін, жат ағымның алдын-алу мақсатында діни оңалту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келелі кездесу,  «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жалғасып, болашақ маман иелеріне салт-дәстүріміздің құндылықтары дәріптелді. Дін мамандары студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары