«Арақ күнәлардың анасы» атты үндеу Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында жалғасты.
Аймақтық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында жергілікті «Әлия», «Ақжол», «Өзипа» дүкендерінде ішімдіктің сатылуына қарсы үндеу айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Насихат жұмыстарының нәтижесінде аталмыш дүкендер ішімдіктің сатылмауына бір ауыздан келісіп, сөрелердегі арам суды сатылымнан алды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер