Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарттарға ауызашар дастарханы жайылды
10 сәуір, 2023 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

   Қайырымдылық қанаты кеңге жайылатын рамазан айында Қарағанды қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына «Хазрет Али» мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлының ұйымдастыруымен  ауызашар дастарханы жайылды. 

Қайырымдылық шарасында «Зекет және қайырымдылық» қорына өтініш берген мекеме тізімі бойынша жиналған қарттар қонақ болып, оларға мешіт жастары қызмет көрсетті. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанынан құрылған киіз үйде «Дін мен дәстүр» бағыты да насихатталып, бөлімнің жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы дәстүр аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Игі шараның өтуіне мұрындық болған «Хазрет Әли» мешітінің имамы  Әлімжан Қазақбайұлы ораза құндылықтары жайында насихат айтты.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары