Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы жарапазан эстафетасын Алматы өңіріне жолдады
11 сәуір, 2023 жыл 215 Басып шығару нұсқасы

   Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешіттеріне «Айтайық Жарапазан елімізге!» атты эстафетасы жариялаған болатын.

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айын сүйіншілеу, игі дәстүрімізді жалпы жұртқа насихаттау мақсатында қолға алынып отырған жарапазан эстафетасын Қарағанды облысы өкілдігі Қостанай өңірінен қабыл алды.

Ұлттық құндылығымыз дәріптеуге арналған шараға облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері бір ауыздан ат салысып, «Айтайық Жарапазан елімізге!» эстафетасын Алматы облысы өкілдігіне жолдады. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары