Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Төлеутай ата» мешіті ұстаздар қауымын қонақ етті
12 сәуір, 2023 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті  облысқа қарасты «Әл Машани» және «Әнет баба» мешітінің  ұстаздарына ауызашар дастарханын жайды. 

Асыл діннің дамуы жолында қарқынды қызмет атқарып жүрген ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында жүзеге асқан шараға ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Әйел қыздар» секторының жауапты меңгерушісі, «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы және «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы қонақ болды. 

Шарада сектордың жауапты өкілі,  «Әл Машани» мешітінің ұстазы уағыз-насихат айтып, жергілікті аймақтың әйелдер жамағатын рамазан айымен құттықтады. Одан кейін, «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы насихат айтты. 

Сонымен қатар, аймақтардағы рухани шаралардың жүзеге асуына мұрындық болып, демеушілік көмек көрсеткен Гүлсінай Базарбайқызы мен Күмісай Базарбайқызына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының атынан алғыс хат табысталды.

Шара соңында Құран оқылып, әжелер бата берді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары