Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы мектеп оқушыларымен «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында кездесу өткізді. Арнайы тәрбие сағаты түрінде өткен кездесуде мешіт дін қызметкері ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, бауырмашылдық, білім алудың артықшылығы тақырыптары аясында насихат айтты. Сонымен қатар, жеткіншектерді рамазан айымен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер