Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Екінші он күндік: 36 000 «Ауызашар себеті» үлестірілді
14 сәуір, 2023 жыл 209 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен  рамазан айының екінші он күндігі аралығында  студенттерге  36 000 «Ауызашар себеті» үлестірілді.

Рамазан айының алғашқы күнінен бастау алып келе жатқан қайырымдылық акциясы «Мың теңгеге ауызашар бер» атты үндеумен жалғасып келеді. Шараға аймақтың мешіттің дін қызметкерлері, мешіт жамағаты мен шәкірттері ат салысуда. Осы орайда, «Қазыбек би» мешіті ұжымы игі іске қолдау білдіріп жатқан жомарт жандарға алғыс білдіреді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары