«Әйел қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ақ жаулықты әжелер қауымына ауызашар дастарханы жайылды.
Мешіт имамы Нұров Махмұд қажы Нұрұлының тапсырмасымен жүзеге асқан шара барысында мешіттің әжелер қауымы уағыз-насихат тыңдап, өнегелі әңгіме өрбітті. Кеште Құран оқылып, хатым дұғасы жасалды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер