Қарағанды қалалық «Қазбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы және «Бірлік» қайырымдылық қоры кезекті қайырымдылық шарасын жүзеге асырып, 50 отбасыға «Рамазан қоржынын» үлестірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен жүзеге асқан шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар, жалғыз басты, аз қамтылған және науқас жандарға қолдау көрсетілді. Игі іске мешіттің жамағаты мен еріктілер тобы ат салысып, азық-түлікті тиісті мекен - жайларға жеткізуге қол ұшын берді.
Мешіт имамы Ысқақ Рахимбекұлы қасиетті рамазан айының құрметіне орай игі істі жүзеге асыруға мұрындық болған «Бірлік» қайырымдылық қорына ризашылығын жеткізіп, алғыс білдірді.
Қарағанды облысы бойыша баспасөз қызметі
Пікірлер