Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен қасиетті қадір түнінің қарсаңында әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Игі шараға мешіт имамы бастаған дін қызметкерлері мен мешіт шәкірттері және еріктілер тобы ат салысты.
Қайырымдылық барысында аз қамтылған, көп балалы, жалғыз басты, науқас жандарға көмек көрсетілді.
Қарағанды облысы бойыша баспасөз қызметі
Пікірлер