Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінде өткен қадір түні
19 сәуір, 2023 жыл 63 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қадір түніне жиналған көпшілікке ауызашар дастарханы жайылып, мешіт имамы Нұров Махмұд қажы Нұрұлы жергілікті халықты қадір түнімен құттықтап, уағыз айтты. 

Аймақтық мешіттің наиб имамдары мешітке келген көпшілік қауымға викториналық сұрақтар жүргізіп, алғыр  жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірді.

Қасиетті түнді құлшылықпен өткізуге келген жамағат арасынан зиялы қауым өкілдері қадір түнімен құттықтап, жұртшылыққа мың айдан да қадірлі болған Қадір түнінің жақсылығы мен сауабын тілеп, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасады.

Одан кейін, рамазан айында құранға түскен шәкірттер марапатталды.

Тарауық намазын оқығаннан кейін, мешітке келген көпшілік түннің екінші бөлігін жұмыла құлшылыққа арнады. Қасиетті қадір түнінде бата жасап, дұға оқыды.  

Мың айдан да қасиетті қадір түнін ғибадатпен өткізуге жиналған жамағатқа сәресі беріліп, Сап түзеп таң намазы оқылып, дұға жасалды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары