Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешіті медресе шәкірттеріне ауызашар берді
20 сәуір, 2023 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының шәкірттеріне ауызашар дастарханы жайылды.

Рухани отырысқа білім ғимаратының директоры әрі Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы бастаған ұстаздар қауымы мен дін қызметкерлері және шәкірттер қауымы қатысты.

Шара барысында уағыз-насихаттар айтылып, қасиетті рамазан айының соңғы күндерінде барша жамағат болып Алла Тағаладан ел мен жердің амандығын тілесті. Отырыс соңында осындай игі істі жүзеге асырған "Қазыбек би" мешітінің ұжымына шәкірттер қауымы алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары