Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жанқұтты би» мешітінде өткен қадір түні
20 сәуір, 2023 жыл 98 Басып шығару нұсқасы

   Қасиетті Рамазан айында сәуірдің 17 - нен 18 - не қараған түн Ләйләтүл-Қадр, яғни Қадір түні аталып өтті.

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтіп, жиылған жамағатқа арналып бірнеше шаралар ұйымдастырылды.

Ең алдымен тарауық намазы оқылып, хатым дұғасы жасалынды.

Жамағаттар арасында Алланың 99 көркем есімінен сайыс жүргізілді. Жүлделі орынға ие болған жамағаттарға бағалы сыйлықтар мен қаржылай сый-сияпаттар берілді. Сонымен қатар, осы күні жамағатқа бірнеше уағыздар айтылып, құлшылық маңыздылығы түсіндіріліп, Қадыр түнінінің ерекшеліктері мен артықшылықтары насихатталды. 

Қадыр түні мешітке жиналған халық санында шек болмады. Жамағатты сергіту, олардың діни іліміне шыңдау жүргізу мақсатында арнайы викториналық сұрақтар ойыны өткізіліп, жауап берген жамағатқа бағалы сыйықтар табысталды. Әйел адамдар мен ер азаматтар арасында өткізілген ойынға жамағат қызығушылықпен белсене қатысты.

Ойын аяқталған соң Қадыр түнінің құрметіне жамағатпен «Қадыр намазы» оқылып, дұға жасалды. Мешітімізге ағылған жамағаттар түні бойы Құран оқып, нәпіл намаздарын оқып, дұға жасаумен таң намазына дейін мешіттен алыстамады.  

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары