Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әйелдер жамағаты «Қош бол Рамазан!» атты рухани кеште бас қосты
20 сәуір, 2023 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешітінің ұстазы  Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен «Қош бол Рамазан!» атты рухани ауызашар кеші өтіп, әйелдер жамағатына дастархан жайылды.

Берекелі кеш  Құран оқумен басталды. 

Одан кейін, мешіт шәкірттері Пайғамбарымызға (с.а.с) арнау айтып, жамағатпен салауат жолдады. 

Ауызашар алдында рамазан айы бойы түсірілген Құран хатымының дұғасын жасалды.   

Рухани кеште  мешіт ұстазы рамазан айына қатысты түрлі тақырыпта әсерлі уағыз-насихаттарымен бөлісті. Шара барысында арнайы құлшылық жасауға уақыт бөлінді. Мешіт шәкірттерінің орындауында «Аллаға мадақ» әні орындалды. Одан кейін, Рамазанмен қоштасу хаты мен қоштасу құтпасы оқылды.

Кеш соңында, осындай сауапты һәм берекелі кешті ұйымдастыруға мұрындық болып, демеушілік көмек көрсеткен жандарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.

Кешке жиналған әйелдер қауымы игі істің басы-қасында жүріп, рухани кешті ұйымдастырған "Әл Машани" мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызына шексіз ризашлықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Берекелі отырыс ақ жаулықты әжелердің ақ батасымен аяқталды.    

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары