Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешіт шәкірттеріне зекет берілді
21 сәуір, 2023 жыл 208 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жанындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының шәкірттер қауымына зекет берілді. 

Қазіргі уақытта аталмыш діни сауат ашу қайырымдылық орталығында отызға жуық шәкірт білім алуда. Мұндағы шәкірттер тек ілім ізденіп қана қоймай, қасиетті айда мешіттің ұйымдастыруымен өткен игі істерге ат салысып, сауапты шаралардың жанынан табыла білді. Осы орайда, мешіт имамы Ысқақ Рахимбекұлы шәкірттердін риясыз атқарған еңбектеріне  алғыс білдіріп, әрбір шәкіртке 150 000 теңгеден зекет үлестрді. Өз кезегінде мешіт шәкірттері де Ысқақ Рахимбекұлына ризашылықтарын білдірді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары