Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті. Мерекелі күн таңғы сағат 07:00- де мешіт ауласында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.
Ұлық мейрамда аймақ имамы Асхат Қанайұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды.
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер