Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқаш жамағаты ұлық мейрамды атап өтті
21 сәуір, 2023 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің жамағаты қасиетті  ораза айт мейрамын жоғары  деңгейде атап өтті. 

Ұлық мейрамда аймақ имамы Нұрболат Сейілханұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 

Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады. Одан кейін мешіт жамағатына ыстық ас беріліп, қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өтті.

Атап айтар болсақ: 
1.Қол күрес
2.Арқан тартыс
3.Кір тасын көтеру
4.Асық ату  
5.Қыздар арасында шаш өру сайыстары өтіп, сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар табысталып марапатталды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары