Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінде ораза айт намазы оқылды.
Ұлық мейрамда аймақ имамы Азамат Серікұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды.
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер