Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде бірнеше жыл имамдық қызмет еткен Жанболат Жұматұрұлына мешіт жамағаты көлік тарту етті.
Жұма мінберінде сөз сөйлеген қазіргі Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітнің имамы Жанболат Жұматұрұлы қызмет еткен жылдары атқарылған жұмыстарды халыққа баяндай келе, үнемі мешіт жанынан табылып, Алланың діні үшін қызмет ету жолында көрсетіп жүрген қолғабыстары мен қолдаулары үшін жамағатқа рахметін айтты.
Мешіт жамағаты қазақы салт-дәстүрмен имамның иығына шапан жауып, сый-сияпаттарын тарту етіп, қариялар жаңа қызметіне сәттілік пен береке тіледі.
Мешіт имамы да осы кезге дейін қолдау көрсетіп, демеп келген жамағатқа шексіз алғысы мен ризашылығын жеткізді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер