Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы Рахметов Қанат Қарағанды және Ұлытау облысының мамандандырылған Күзет Қызмет Басқармасында арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында мекеме қызметкерлеріне «Отан алдындағы қызмет» , «Азаматтың Отан алдындағы борышы» сынды тақырыптары бойынша насихат жүргізді.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер