Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абайда мешіт жамағаттары арасында футболдан турнир өтті
25 сәуір, 2023 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде «Жастар ісі»секторының ұйымдастыруымен «Салауатты жамағат» атты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті. 

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында өткен турнирге сектордың жауапты меңгерушісі әрі Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Спорттық додаға аймақ жамағаттарынан құралған командалар қатысты. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – мешіт жамағаттары арасында тығыз байланыс орнату, жат ағымдардан сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ,  мұсылманшылыққа тән сабырлылық пен көркем мінезді ойын кезінде де сақтауды үйрету.

Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары