Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әжелер арасында Құран жарысы өтті
28 сәуір, 2023 жыл 398 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде әйел- қыздар секторы, Уматаева Гулімжан және Гүлнұр Қаныбекқызы ұстаздардың ұйымдастыруымен ақ жаулықты әжелер арасында  «Адият» - «Нәс» сүресіне дейінгі сүрелерді жатқа және  «Мүлк» сүресін көркем оқудан сайыс болып өтті.

Сайыс "Үштөбе оқу-ағарту орталығының" шәкіртінің Құран оқуымен басталып, алғы сөз "Қажыбай қажы" мешітінің имамы Жандос Әшімұлына берілді.

Жарысқа елу жастан жоғары он жеті әже қатысып, бірінші жаттау бойынша, екінші көркем оқу бойынша жаттау қабілеттері,  араб әріптерінің дұрыс айтуы бағаланды.

Әжелеріміз жас үлкендігіне қарамастан ықылас пен белсенділік танытты.

 

Жарыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен әжелерімізге қаржылай жүлделермен:

1-орын Шарипова Саягүл (70 000 тг)

2-орын Сәтпаева Ләззат (50 000тг)

3-орын Ашляева Нурия (30 000тг) ;  марапатталды.

Сайысқа қатысушы барша әжелерге ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.

 

Жарыстан соң әжелерімізге дастархан жайылып, сый - құрмет көрсетілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары