Германияның Гейдельберг қаласынан арнайы келген ерлі-зайыпты Рудольф Бенцел мен Ирина Бенцель Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қонақта болды.
Қарағанды шаһарының сәулетті ғимараттарымен танысып жүрген туристтерді «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы құрметпен қарсы алып, дәстүр бөлмесінде ұлттық тағамнан дәм ұсынды. Қонақтарға қазақ халқының салт дәстүрінен сыр шертіп, «Дін мен дәстүр» кітабының орыс тіліндегі нұсқасын сыйға тартты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер