Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Топар кенті әкімі «Жұмабек Тәшен» мешітінде болды
12 мамыр, 2023 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Мешіт имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласына гүлдер отырғызылып, абаттандыру шарасы жасалды. Игі іске мешіт жамағаты ат салысты. Аймақтық мешіттің тынысынан хабар алуды ниет еткен кент әкімі мешіт имамымен кездесіп, аймақтың діни ахуалынан хабар алды. Мешіт маңынан бой көтеріп жатқан дәретхана құрылысымен танысты. Сонымен қатар, мешіт ауласын көгалдандыруға қажетті заттарды тарту етті.

 

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары